logo

Шымкентте мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді

Таңдаулы Шымкентте мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 175 рет

2007 жылы 4 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңына сай ел аумағында 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Осыған орай, Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында «Мемлекеттік рәміздер» алаңында еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетілді.
Қала тұрғындары қатысқан салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік Гимні шырқалды.
Ел тәуелсіздігінің басты атрибуттары туралы Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі С.Байдәулетов жан-жақты баяндап, көпшілікке тереңінен түсіндіріп берді. Мерекелік жиын париоттық әндер орындалған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Естеріңізге салайық, Шымкент қаласындағы «Рәміздер алаңы» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынып, 2011 жылғы мамырда ел игілігіне берілген.
Кешенде еліміздің картасы бейнеленіп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңынан үзінді жазылған.
Мұнда 50 метрлік ту тұғырға бекітілген алып ту қаладағы ең ірі Мемлекеттік рәміздер санатына кіреді.