logo

Шымкентте демеушілер есебінен аулалар абаттандырылуда

Таңдаулы Шымкентте демеушілер есебінен аулалар абаттандырылуда
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 97 рет

Бұл туралы «shymkent.gov.kz» сайты жазды. Шымкент қаласы әкімдігі сайтының жазуынша, әлеуметтік карта бойынша биыл Әл-Фараби ауданында 20 ауланы жөндеп, абаттандыру және 1 балабақшаның құрылысы жоспарланған. Абай ауданы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 300 млн. теңгеге 8 алаңшаның құрылысы қолға алынған. Ал, Еңбекші ауданында 43 спорт алаңшасын жөндеу, абаттандыру, 63 ауланы ретке келтіруге 1 млрд. 686 млн. теңге жоспарланған. Бүгінде аталған жұмыстардың 30 пайызы іске асқан. Қаратау ауданындағы елді мекендерде 20 спорт алаңшасын соғу, 43 ауланы абаттандыру, 2 мектептің құрылысы қолға алынып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бұл жобаларға 1 млрд. теңге қарастыру жоспарланған.

Ресми сайттың жазуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында (Оқушылар мен жастар арасында «Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным – тағдырым» базалық бағыттары бойынша) түрлі форматтарда 51 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілген. Ал «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша («Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі», «Мәдениет», «Салт-дәстүр және құндылықтар» жобалары) 42 іс-шара ұйымдастырылған. Сондай ақ, қала аумағындағы киелі орындар мен ескерткіштерге QR кодтар орнатылған.