logo

Шымкентте 7 нысан республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілді

Таңдаулы Шымкентте 7 нысан республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 211 рет

«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша 7 нысан республикалық маңызы бар, 8 нысан жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілді. Бұл туралы «shymkent.gov.kz» сайты жариялады. 

Ресми сайттың хабарлауынша Шымкент қаласындағы Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерінің аумағында көріктендіру жұмыстары жүргізілген.
Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылып, қаланың тарихи даму кезеңін қазіргі уақытпен ұштастыратын заманауи қалашық және туристік аймақ ретінде дамыту жобасы жүзеге асырылуда. Қаладағы ескі қалашықты (Цитадель) ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізудің номинациялық деректемесі дайындалған. Бүгінде мұнда реставрация, консервация жұмыстары атқарылуда.
Жалпы, Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының «Туған жер» арнайы жобасы бойынша 6 жоба дайындалып, жүзеге асырылған. Арнайы жобаның «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша демеушілер мен меценаттар есебінен құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын 32 жобаны іске асыру жоспарланған.
Бүгінде межелі жұмыстар жоспарға сай атқарылуда.