logo

Шымкенттегі мектептерде қаржы жинауға тыйым салынды

Таңдаулы Шымкенттегі мектептерде қаржы  жинауға тыйым салынды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 168 рет

Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде оқушылардан қаржы жинауға қатаң тыйым салынды. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. 

– Оқу жылының аяқталуына орай, мектеп, колледж директорларымен мəжіліс өткіздім. Оған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері де қатысты. Мəжілісте оқулық мəселесінен бастап мектептерде жөндеу жұмыстарын жүргізу жайы талқыланды. Алдағы емтихандарды ұтымды ұйымдастыру шаруалары менбілім мекемелерінде қаржы жинау мəселесі сөз болды.
Биыл мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен 260 миллион теңге қаралып отыр. Сондықтан, барлық ата-аналарға, мұғалімдерге, мектеп директорларына қандай да бір желеумен қосымша қаржы жинауға қатаң түрде тыйым салынғанын ресми мəлімдеймін, деді. Қала әкімінің бірінші орынбасары.
Аталған жиында білім сапасын арттыру, мұғалімдердің біліктілігін көтеру және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жайы жан-жақты талқыланды.
Естеріңізге салайық, бүгінде Шымкент қаласында 130 мектеп пен 29 колледж жұмыс істейді.