logo

Шымкентте Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Таңдаулы Шымкентте Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 184 рет

Шымкент қаласы әкімдігінде қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты. 

Отырыста биылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында атқарған жұмыстары бойынша қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов есеп берді.
Азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісовтің баяндамасынан кейін кеңес мүшелері департамент тарапынан жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарының барысы және өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық жағдайы, қызмет бабында қаза тапқан құтқарушылардың отбасына көрсетілетін қолдаулар туралы сауалдар қойып, пікір алмасты.
Кеңесте қала ішілік жолдардың жай-күйі туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев, сәулет, қалақұрылысы саласында автоматтандырылған қызметтер және алдағы міндеттер мен проблемалар туралы цифрландыру басқармасының басшысы Айнұр Юсупова, бала тетәрбиесі, білім беру саласындағы өзекті мәселелер жайлы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева хабарлама жасады.
Жиында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қалаға жеткізілген автобустармен жаңа бағыттар бойынша жолаушыларға сапалы қызмет көрсетілетінін мәлімдеді.
Отырыста қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылық нысандарының қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін белгілеу, тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы ел Үкіметі бекіткен нұсқаулықтар да талқылады.