logo

«Fly Arystan» ұшағы Шымкентке қонды

Таңдаулы «Fly Arystan» ұшағы Шымкентке қонды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 222 рет

Fly Arystan» бюджеттік авиакомпаниясының Алматы қаласынан ұшқан алғашқы ұшағы Шымкент қаласына келіп қонды. 

«Алматы-Шымкент» бағытындағы тұңғыш лоукостерді әуежайдан күтіп алу салтанатына Шымкент қалаcының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен «Air Astana» авиакомпаниясының президенті Питер Фостер қатысып, отандық бюджеттік авиакомпанияның жұмысына сәттілік тіледі.
БАҚ өкілдері алдында сөз сөйлеген Ғ.Әбдірахымов «Air Astana» авиакомпаниясының президенті Питер Фостерге алғысын айтты.
– Бұл бағыт шымкенттіктер мен қала қонақтарына үлкен мүмкіндік береді. Өйткені біздің қаламыз арқылы көршілес облыс пен Өзбекстан Республикасының азаматтары ұшады. Билет жетіспеушілігі сезілетін. Енді арзан бағамен Алматыға ұша алады, – деді қала әкімі.
Естеріңізге салайық, алдағы уақытта Алматы және Шымкент қалалары арасында 180 орындық «Airbus A320» әуе кемесі күнделікті қатынайтын болады.
Жолаушылар алдын ала билет сатып алса, Алматыдан Шымкентке 1 сағат 20 минутта ұшақпен ұшудың ең төменгі билет кұны 4999 теңгеден басталып, сатылап жоғарылай бермек.
«Fly Arystan» әуекомпаниясы жолаушыларға flyarystan.com сайтында жарияланған тариф ережелерімен мұқият таныс болуды сұрайды.