logo

Түркістан мен Шымкентте қандай ғимараттар бой көтереді - Видео

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 209 рет

Биыл 18 мамырда ҚР Үкіметінің басшысы жұмыс сапары аясында Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, Түркістан қаласының құрылысы барысын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте Асқар Мамин "Тұран" шағын ауданында жол инфрақұрылымын салу мысалында шеткері аймақтардың дамуын тексерді. Ұзындығы 3,3 шақырым болатын магистральдық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. "Бозарық 220/110/10 кВ" шағын станциясының құрылысы орнында ҚР премьер-министрі жобаның уақытылы аяқталу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Нысан биыл қараша айында пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде, шамамен 250 мың адам тұратын 10 жаңа тұрғын үй алабы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі. "Тассай" индустриялық аймағының аумағында премьер-министр Асқар Мамин "Asia Trafo" ЖШС жаңа зауытының трансформатор шығару бойынша технологиялық процесімен және электротехникалық зертханасының жұмысымен танысты.

tengrinews.kz

Медиа