logo

Шымкентте қарияларға құрмет көрсетілуде

Таңдаулы Шымкентте қарияларға құрмет көрсетілуде
  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды 256 рет

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Ұлы Отан соғысының ардагері Төрегелді Сұлтанбековтың отбасына арнайы барып, құттықтады. 

Ғасырға жуық өмір сүрген ақсақалға жылы лебізін білдірген қала басшысы алдыңғы буынның ел-жер қорғаудағы асқан ерлігі мен ел жолындағы ерен еңбегі жас буынға нағыз отаншылдықтың жарқын үлгісі болатынан айтты.
1923 жылғы 11 мамырда Ордабасы ауданында дүниеге келіп, 1944 жылы Литваға аттанған Төрегелді Сұлтанбеков 1948 жылға дейін шекара жасағында әскери борышын өтеген. Бүгінде кенже ұлының қолында тұратын қарт майдангер 3 ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан 9 немере, 8 шөбере көріп отыр.
Өз кезегінде қала биілігіне рахметін айтқан ақсақал елге қызмет етіп жүрген барлық азаматтарға ризашылығын білдірді.
Естеріңізге салайық, 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қала аумағындағы қарттарға құрмет көрсету жүйелі жалғасын тауып келеді. Бұған дейін қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, ішкі саясат және дін істері басақрамының басшысы Жанар Бектаева, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев 99 жастағы ақсақал Халел Атантаевтың шаңырағына барып, сый-құрмет көрсеткен болатын.