logo

Шымкентте «Бекзат» көркем фильмінің көрсетілімі өтті

Таңдаулы Шымкентте «Бекзат» көркем фильмінің көрсетілімі өтті
  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды 265 рет

Шымкент қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында «Хабар» агенттігінің» тапсырысымен түсірілген «Бекзат» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

Жарық жұлдыздай ағып өткен спорт саңлағының өмір жолына арнаған фильмнің көрсетіліміне Бекзат Саттархановтың ата-анасы Сейілхан Саттарханов пен Сырлыкүл Әдірбекқызы, «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай қатысып, чемпион туралы көркем туындыны түсірген шығармашылық топқа алғыстарын білдірді.
Кинокартина Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігіне арналған. Толық метражды картина 3 қазаннан бастап ел аумағындағы барлық кинотеатрларында көрсетілмек. Батыр Бекзаттың рөлін жас актер Самат Әзімқұлов сомдаған туындының режиссері Мұрат Бидосов болса, сценарийін Сержан Закерұлы жазған.
Естеріңізге салайық, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің жабық көрсетілімі алдын Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаевты қабылдап, фильмнің көрсетілімін ұйымдастыру жайын талқылаған болатын.