logo

Шымкентте Ресейдің жас әртістері өнер көрсетті

Таңдаулы Шымкентте Ресейдің жас әртістері өнер көрсетті
  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды 87 рет

Шымкент қалалық қуыршақ және жас көрермендер театрында Ресей Федерациясының Балалар музыкалық жас актер театрының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті. Бұл туралы қала әкімдігінің «shymkent.gov.kz» ресми сайты хабарлады. 

Балалар музыкалық жас актер театры – Ресейдегі бірегей балалар кәсіби музыкалық театры болып табылады, ол – балаларға арналған театр қоғалысының көшбасшысы. Театрдың көркемдік жетекшісі – Ресей Федерациясына еңбегі сіңген әртіс Александр Львович Фёдоров.
Театр ұжымы шымкенттік көрермендерге «Фантазии на тему Дунаевского» тақырыбындағы музыкалық спектакльді ұсынып, оның әрбір әуені: өлең жолдары, спектаклді музыкалық сүймелдеуі, оперетталары, кинематография тарихына енген кеңестік дәуірдегі танымал фильмдердің саундтректері уақыт сынынан сүрінбей өткендігін паш етті. Спектакль Ұлы Жеңістің 75-жылдық мерейтойына арналып, адам тағдырындағы нәзік сезімдерді – шынайы өмірді, шынайы эмоцияларды, соғыстың бірінші күнінен бастап Жеңіс күніне дейінгі қоштасу, алаңдау, айрылу, кездесу сынды адами сезім толқындарын тебірентеді.
Мәскеулік Балалар музыкалық жас актер театрының қайырымдылық гастролдерін «Россотрудничество» ұйымы ұйымдастырып, жас әртістердің концерттерін өткізу арқылы ТМД және шет елдерде ресейлік мәдениетті ілгерілету мақсатын көздейді.