logo

Шымкентіктер хакім Абайды еске алды

  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды 230 рет

Шымкент қаласындағы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында»Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Абай Құнанбайұлының 174 жылдығына орай «Абай даналығы – халық мұрасы» іс-шарасы өтті.

Игі шараға қала тұрғындары мен әдебиетсүйер қауым және БАҚ өкілдері қатысты.Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Әбдіжаппар Сәкен Абай мұрасын дәріптеуге арналған іс-шаралар Шымкентте мақсатты жалғасатынын айтты.
–Президент Жарлығымен Абайдың 175 жылдығын мерекелеудің өзінде үлкен мән бар. Біз мұны мемлекетіміздің тілге, мәдениетке, әдебиетке деген жанашырлығы әрі Абай Құнанбаевтың шығармашылығына деген құрметі деп білуіміз керек, дедіӘ.Сәкен.
Шара қорытындысы бойынша сөз сөйлеген қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева Абайдың қара сөздерінен мысал келтіріп, тағылымды іс-шарадан алған әсерімен бөлісті.
Өз кезегінде «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» директорыЖәнібек Тағаев Абай шығармаларын – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы» деп қорытты.