logo

Шымкентте домбыраға ескерткіш орнатылды

Таңдаулы Шымкентте домбыраға ескерткіш орнатылды
  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды 493 рет

Ұлттық домбыра күніне орай Шымкент қаласында қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыраға арнайы ескерткіш ашылды. 

Қалалық мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысқан салтанатты шарада жұртшылықты құттықтаған қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қазақтың рухы саналатын домбыраның негізгі ерекшеліктеріне тоқталды. Еңселі ескерткішті тұғырға қондыруға қолдау білдірген қалалық мәслихаттың депутаттары мен игі іске ұйытқы болған барша азаматтарға алғысын айтты.
– Бүгін бәріміз үшін қуанышты күн. Домбыра аспап қана емес, қазақтық жаны, философиясы деуге болады. Домбыраның үнінен-ақ көп жайтты түсінеміз. Бұл құндылық қала тұрғындарына, жас ұрпаққа серпін береді деп ойлаймын, деді.
Мерекелік іс-шарада арнау оқыған айтыскер ақын Біржан Байтуов домбыра күні әрбір қазақтың рухын асқақтататын мереке болуы қажеттілігін айтты.
Естеріңізге салайық, елімізде Ұлттық домбыра күні (шілденің алғашқы жексенбісі) 2018 жылғы 13 маусымдағы Мемлекет басшысының арнайы Қаулысымен бектілген болатын. Мұндағы мақсат – қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының төңірегіне топтастыруды көздейді.