logo

Шымқалада ұлттық ойындардан сайыс өтті

Таңдаулы Шымқалада ұлттық ойындардан сайыс өтті
  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды 338 рет

Шымкент қалалық «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» ұйытқы болуымен Асанбай Асқаров атындағы орталық ипподромда ұлттық ойындарды дәріптеуге арналған сайыс өтті. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласы аясында өткен сайыста ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ сынды ұлттық ат спорты ойындарынан өзара сынға түсіп, доданың көрігін кіргізді.
Сайыс соңында «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» директоры Жәнібек Тағаев жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта орталықтың осындай ұлттық ойындарға басымдық беретінін айтты.
Естеріңізге салайық, Шымкенттегі «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» 2014 жылғы желтоқсанда ел игілігіне берілген. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында ашылған бірегей орталық ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды ғылыми-зерттеп, әдістемелік жұмыстарды атқарады. Сондай-ақ, этнос өкілдерінің салт-дәстүрлерін талдап, ортақ игілікке пайдалану бағытында жұмыстар жүргізеді.