logo

Шымкентте Халық қаһарманының 95 жылдығы өтті

Таңдаулы Шымкентте Халық қаһарманының 95 жылдығы өтті
  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды 279 рет

Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, Халық қаһарманы, Сағадат Нұрмағанбетовтың 95 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. 

«Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған іс-шараға елімізге белгілі генералдар, Қазақстан Қарулы күштерінен зейнетке шыққан ардагерлер мен әскери бөлімдердің жауынгерлері және қала тұрғындары қатысты. 
Батырдың ерлігін дәріптеу арқылы жастар арасында Отанға деген сүйіспешілікті насихаттау, жас буынның бойында елді, жерді қорғауға деген жігер қалыптастыруды көздеген іс-шара Халық қаһарманын бір минут үнсіздікпен еске алудан бастау алды. 
Жиында бірқатар азаматтарға С.Нұрмағанбетовтың 95 жылдығына арналған төсбелгілер табысталып, батыр туралы естеліктер айтылды, көпшілікке арнайы әзірленген деректі фильм көрсетілді. 
Естеріңізге салайық, 1924 жылы Ақмола облысында туылған Сағадат Нұрмағанбетов 2013 жылы дүниеден қайтты. 
Батыр Алматы қаласындағы Кеңсайда желенген.