logo

Шымкентте жалпы өңірлік өнім 3,5 трлн теңгеге жетпек

Таңдаулы Шымкентте жалпы өңірлік өнім 3,5 трлн теңгеге жетпек
  • Бөлім:  Экономика
  • Оқылды 169 рет

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет отырысында мәлімдеді. Шымкент қаласын дамытудың кешенді жоспары аясында 2023 жылға қарай жалпы өңірлік өнім 3,5 трлн теңгеге жетіп, 175 пайызға өспек. Сонымен қатар, өнеркәсіп көлемі екі есеге ұлғайып, 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылмақ. 

Алдағы жылдары Шымкенттің бас жоспарына сай жаңа әкімшілік-іскердік орталық пен «Шымкент сити», «Тұран» шағынаудандарында және Қошқар ата өзенінің жағалауларына көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ. Кешенді жоспар аясында аталған аймақтарға инженерлік жүйелер тартылуда және 2023 жылға дейін 20 мыңнан астам 319 көп қабатты тұрғын үй бой көтермек.
Сондай ақ, алдағы жылдары қала аумағында жаңа 15 мектеп салу және жекеменшік мектептер санын көбейту жоспарланған. Орталық стадионды UEFA талаптарына сай қайта құру межеленген. Бұдан бөлек, жеке инвестиция есебінен мың орындық аурухана салу жоспарда бар.
Естеріңізге салайық, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2023 жылға дейін Шымкент қаласын дамытудың кешенді жоспарын Үкіметінің отырысында таныстырды. Аталған құжат Үкімет мүшелері тарапынан мақұлданып, қабылданған болатын.