logo

Жүгірудің пайдасы қандай?

Жүгіру – спорттың бір түрі. Бірақ оны спорт ретінде емес, күнделікті іс ретінде қарауға да болады. Себебі оның да өзіне тән ерекшелігі мен пайдасы бар.

1. Жүгіру жүрек қағысының соғысын реттейді. Ол жүрек бұлшық еттерін қалпына келтіріп, тұрақтандырушы. Бұл дегеніміз жүрек қатты әрі берік болады.

2. Қандағы кислород көбейеді. Жүгіру кезінде денеден қан көп бөлінеді. Бұл қан айналымының дұрыстығына жауап береді.

3. Күйзеліске таптырмас спорт түрі. Күйзеліс және шаршау адам денесіндегі көптеген мүшелердің зақымдалуына алып келеді. Сондықтан әрдайым сергек әрі жадыраңқы жүру үшін жүгірудің пайдасы зор.

4. Жүгіру кезінде қанда эндрофин гормоны жиілейді. Бұл гормон медицина тілінде «бақыт гормоны» деп аталады. Бұл бекер емес. Қанда бұл гормон қалыпты әрі жиі қалыптасқан сайын күйзеліс жоғалады.

5. Ақылдың белсенділігі артады. Жүгіру кезінде адам өзімен-өзі қалып түрлі ойға барады. Бұл оның тез әрі нақты шешімдер қабылдауына көмектеседі. Жүйке тамырлары мен жүйке жүйесі қалыпа түсіп, адам тыныштық табады.

дереккөзі: massaget.kz