logo

Қыздар үшін маңызды кеңестер

Әдемі, сымбатты көріну көп уақытты талап ететінін кез келген қыз біледі.

Бірақ беріле салуға әлі ерте. Себебі бізден «қулықтар» артылмақ емес. Ендеше, қыздар сіздерге арналған пайдалы дүниелерге кезек береміз. 

Косметиканың сақтау мерзімі көп жағдайда оны ашқан уақыттан бастап есептеледі. Ұмытып қалмас үшін тұсына қолдануды бастаған уақытты белгілеп қоюға болады.

17108715-05e64fa9b491bfb320f856238a4c45c4-1473277421-650-3c4becf70c-1482249142

Әспеттеп күтім жасап жүрген тырнағыңыз сынып қалса, пәкеттегі шәй көмекке келеді екен. Тырнағыңыз сынған кезде шәйді демдейсіз және ыстық судан шәйді шығарып, бір шетін кесіп алып тырнақтың сынған жеріне қоясыз. Бірнеше минут өткен соң, үстін түссіз лакпен бір рет бояп жіберу керек.

17108915-MTEzOTY5NTczNDEyNjM2MTcx-1473186133-650-710bb3fb0f-1482249142

Қазіргі кезде күңгірт тартып (матовый) тұратын далаптар сәнге айналған. Сіздің далабыңыз онай болмаса қам жемеңіз. Оның шешімі бар. Ерніңізді бояп болғаннан кейін, далабыңызға түсі сәйкес келетін еңлікті (румяна) жағу керек.

17109015-matte-lips-1473229741-650-89d8ce3228-1482249142

Тырнақты қоб түстермен бояған соң ізі кетпей, бірақ әуреге салады. Сондай кезде тырнаққа лимон шырынын жағып, жұқалтырмен орап тастаңыз. 10-15 минут өткен соң шеше беруге болады. Бұл тырнағыңызды тазартып қана қоймай, нәрлендіретін әдіс.

17109165-lemon-juice-2-1473251980-650-bf7eeeafae-1482249142

Қыздар жол жүргенде боянатын заттарын тастап кету мүмкін емес. Кейде ол шашылып қалып, бізді сарсаңға салатын кезі болады. Сондай жағдайдан сақтану үшін мақтаны пайдалану керек екен.

17109265-761b406dffebd98b5cd472a16ef4111a9b00b86a-1473256466-650-4b00c52420-1482249142

Тырнағыңыздағы маникюр мінсіз шығу үшін, саусақтарыңызға бірінші бальзам немесе вазелин жағып алыңыз.

дереккөзі: ikerim.kz