logo

«100 жаңа есім» жобасына енген Оңтүстік озаттары

Қазақстанның кеңестік кезеңдегі, һәм Тәуелсіздік жылдарындағы дамуы – екеуі екі бөлек, ерекше эпоха. Елбасы 5 күн бұрын, белді, беделділерді жинады. Жаңарған, жасарған елдің қуатты күшін, айбынды тіреулерін «100 жаңа есім» жобасы аясында құттықтады. Онлайн дауыс беру арқылы 17 млн. халықтың ішінен іріктелген, елімізді дамуға сүйреп, еңбегін сіңірген жандарға алғысын айтты. Абыройлы тізімге Оңтүстік облыстан кімдер енді? Озғандар несімен озық?

Бұл жобаға 2 мыңнан астам үміткер қатысты. Олардың ішінен  340 мы­ң­нан аста­м ­қ­аза­қ­станды­қ­ ө­здері таңда­ғ­ан т­ұ­л­ғ­алар­ғ­а 1 миллион 376 мы­ң­ дауыс берген. «100 жаңа есім» – бұл бүгінгінің батыры мен ақыны, қамқорлық пен қайырымдылық жасаушылары, даналығымен һәм даралығымен ерекшеленген азаматтар. Ұлтымыздың алтын қорына Оңтүстіктен енген 6 адам бар. Солардың бірі - Әсел Далиева. тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы. Бала кезден қызыққан ойын түрі бойынша дүние жүзінде өзіне тең келер қарсылас жоқ.

Бұдан бөлек, тағы 2 спортшымыз - мұқым қазақ елі мақтан тұтатын тұлғалар тізімінде. Олар - самбодан Азия және Еуропа чемпионы Құралбай Орынбасар  және 15 жастағы каратэден әлемнің 2  дүркін чемпионы  Эдуарда Вельк. «100 жаңа есімде» аты қалғандар қатарында елімізге аты мәшһүр айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, белгілі кәсіпкер, Түркістан, Шымкент қалаларының бұрынғы әкімі, «Отау груп» компаниясының президенті, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Молдасейітов те бар. Сондай-ақ, еліміздегі ет экспортының патшасы, ең ірі «Қайып ата» шаруа қожалығының басшысы Сырым Ертаев та - осы санатта. Республикалық маңызды жобада жеңіске жетіп, мерейі тасығандар жоғары еңбекқорлығымен елге үлгі.

Ия, бұл  ұлы ұлттың – ұлы тұлғалары. Өскелең ұрпаққа өнеге болып, ұлттық рух беретін, жастарды алға жетелеп, халықтың санасын жаңғыртатын жандар. Таңдалған «102 есімге» - халық қарап бой түзейді. Сол арқылы елімізді «озық отыздыққа» сүйрейді деген сенім мол. Жақсылырдың аты мен затын танып, еңбегінен үлгі ала жүрейік!