logo

Барселонадағы теракт кезінде жоқ дегенде 13 адам қаза тапты

  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 335 рет

Микроавтобусты басқарған террористің құрбаны кем дегенде 13 адам болды, зардап шеккендердің көпшілігі ауыр хәлде, деп хабарлайды sputniknews.kz

Барселонада шағын автобустың жаяу жүргіншілерді басып кетуі салдарынан кем дегенде 13 адам қаз болды, деп хабарлайды РИА Новости ADENA SER радиостанциясына сілтеме жасай отырып. 

Бұдан бұрын  Барселонаның туристік орталығы – Рамбл жаяу жүргіншілер көшесі аумағында шағын автобус бір топ адамдарды басты деп хабарланған. Аудан қоршауға алынып, метро мен дүкендер жабылды. Алдында Барселона полициясы оқиғаны теракт деп атап, жүргізушінің іздестіріліп жатқанын хабарлаған. 

"Террористік шабуыл ретінде бағаланған оқиғада он үш адам қаза тапты", — делінген радиостанцияның хабарламасында. 

дереккөзі: sputniknews.kz