logo

Каир әуежайына бомба табуға арналған рентген сканер орнатылады

  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 300 рет

Каир халықаралық әуежайына кіреберіске жарылғыш затты табуға арналған рентген аппараттары орнатылады.

Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасап «Әл-Ахрам» порталы хабарлады.

Жабдық әуежайдың екі басты кіреберісіне орнатылатыны атап өтіледі. Аппаратураны орнату «әуежайдың қауіпсіздік жүйесін барынша күшейту аясында» жүзеге асырылуда.

kazinform.kz