logo

Түркияда жойқын жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар

  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 550 рет

Түркияның оңтүстік батысында кем дегенде сегіз жерасты дүмпуі тіркелді. Еуропалық жерорта теңізі сейсмологиялық орталық (EMSC) өкілдерінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 6,7 баллға жеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қайталанған жер сілкінісінің ең жоғарғы магнитудасы 5,1 баллға жетті. Оқиға жұмаға қараған түні болды, АҚШ Геологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулерінің эпицентрі Эгей теңізі түбінде Түркияның оңтүстік батысында орналасқан Бодрум курорттық қаласынан 10,3 шақырым жерде, ал грекиялық Кос аралынан 16,2 шақырым жерде болған. Бодрум қаласының 70-тен аса тұрғыны медициналық көмекке жүгінген.

Сонымен қатар, оқиға салдарынан Кос аралында екі адам қаза тапты бірнешесі жараланды. Арал билігі жер сілкінісі салдарынан ғимараттардың қирап қалғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Түркия мен Грекияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ.

"Осы сағатқа дейін жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары тіркелген жоқ", - деді СІМ баспасөз қызметінің өкілі Әнуар Жайнақов.

tengrinews.kz

Медиа