logo

Белгілі актер Владимир Толоконников қайтыс болды

  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 302 рет

Белгілі актер Владимир Толоконников қайтыс болды. Бұл мәліметті Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының өкілдері растады.

Владимир Алексеевич Толоконников 1943 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Ярослав театр училищесін тәмамдаған. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 1973 жылдан Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері. Осы театр сахнасындағы орыс және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысты. Бірқатар киноға түскен ("Иттің жүрегі", "Тоғысқан тағдырлар" телесериалы, т.б.). Бірнеше медальдармен марапатталған.

Үйленген, екі баласы бар.

tengrinews.kz