logo

Жапониялықтар секс-құлдықта ұстаған әйелдердің видеосы алғаш жарияланып отыр

  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 466 рет

Оңтүстік Кореяның бір топ ғалымдары 1944 жылы түсірілген видеоны тауып, оны жарыққа шығарды. Бұл видеода жапониялық әскрилер секс-құлдықта ұстаған кореялық әйелдер көрсетілген. Бейнежазба YouTube видеохостингінде жарияланды.

Тұтқын әйелдерді "жұбаныш бекеті" аталып кеткен орындарда ұстаған, деп жазады Mirror басылымы. Мұндай бекеттердің алғашқысы 1932 жылы Шанхайда ашылған. Он жылда мұндай орындардың саны жүзден асқан.

Тарихшылардың болжамы бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жапондар 200 әйелді сексуалдық құлдықта ұстаған. Олардың көбі кәмелетке толмаған қыздар болатын. Мұндай тұтқынға түскендердің тек төрттен бірі тірі қалған. Қалғандары тым нашар өмір жағдайы немесе күнделікті көрген зорлық-зомбылықтан көз жұмған. Өзіне қол жұмсағандар да аз болмаған.

Бұл видео Қытайдың Юньнань аймағындағы Суншань қаласында жапониялықтардан азат етілгеннен кейін түсірілген.

Медиа