logo

Мексикада адамның бассүйектерінен тұрғызылған мұнара табылды (фото)

  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 665 рет

Мексиканың Ұлттық антрапология және тарих институтының қызметкерлері ерлер, әйелдер мен балалардың бассүйектерінен тұрғызылған мұнараны тапты, - деп хабарлайды Reuters.

Бұл қазбаны ғалымдар екі жыл іздеген, ал табылған мұнара ацтектер мәдениеті туралы жаңа мәліметтерге жол ашпақ. 

Мехико маңында испандар келгенге дейін ацтектердің күн және соғыс құдайы Уицилопочтлидің пирамидасы ретінде белгілі Темпло Майор ғибадатханасы болған орыннан 650 адамның бассүйегінен тұрғызылған мұнара табылды. Мұнара диаметрі - алты метр. Бастар мезоамерикалық өркениеттің бірқатарында болған арнайы тіреуіштер - цомпантлиге тізілген. 

Адамның бастарынан жасалған мұнара туралы аңыз жүздеген жылдар адамдардың үрейін тудырған еді, бірақ, осы уақытқа дейін оның барын нақты дәлеледеу мүмкін болмай келген.

Тарихшылар ацтектер туралы бұрынғы түсініктердің біразын жоққа шығару керек болатынын айтады. Аңыз бойынша мұнараға шайқас жеңілген жаулардың бас сүйектері тізілген болу керек еді, алайда, ғалымдар мұнарада әйелдер мен балалардың бастары барын да анықтады. Бұл қазба адамдардың құрбандыққа шалынғанын білдіреді. 

Эрнат Кортеспен бірге Мексиканы жаулаға қатысқан испаниялық конкистадор Андреса де ла Тапиидің жазбасы бойынша, мұнара оны мыңдаған адамның бас сүйегінен жасалған. Қазіргі кезде тек 676 бассүйек қана табылды. Дегенмен қазба жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Ал табылған мұнара мұндай құрылыс кешенінің бір бөлігі ғана екенін айтады. 

Кортес басқарған испаниялықтар Мексикаға 1519 жылы келген. Екі жылда олар ацтектер астанасы Теночтитлан жойған болатын, қазіргі Мехико осы қаланың орында тұр.

Маусым басында Мексика астанасының орталығынан Кецалькоатль құдайының ғибадатханасы мен жоралғылар өткізетін алаң табылған болатын. Ол жерден де құрбандыққа шалынған адамдардың сүйектері табылған еді.

дереккөзі kaz.tengrinews.kz