logo

Түркістандықтар тазалықты ауладан бастады

  • Бөлім:  Туризм
  • Оқылды 232 рет

Түркістан қаласында  «Ажарлы үй-ырысты» жобасының негізінде көшелер, жеке үйлер мен жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ғимараттардың аулаларын абаттандыру бойынша сенбілік ұйымдастырып, жұмыстар жүргізуде.

Бұл іс-шарада Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері де белсенділік танытты. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша бірқатар жұмыстар жасалды.

Сондай-ақ, ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері тұрғындар арасында "Ажарлы үй-ырысты" атты іс-шараны жүзеге асыру мақсатында өз меншігіндегі ғимаратты ретке келтіріп, қоршаулардың, шарбақтардың сыртқы жағын бояу, әктеу, іргелес аумақтарды жинау, қасбеттерін жаңарту жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей әрбір тұрғын қаламыздың көркеюіне үлес қосса, өз үйіміз -отанымыздың, табиғатымыздың таза болуына ешкім күмән келтірмесі анық. Бүгін Сіз, өзіңізге тиесілі аумақты таза ұстап, табиғатты аяласаңыз, ертең біздің болашағымыз балғын жас ұрпақ одан үлгі алары сөзсіз!!!