logo

«Туған елге саяхат» жобасы аясында Әзірет Сұлтанға 200 бала келді

  • Бөлім:  Туризм
  • Оқылды 282 рет

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне «Астана-Ақтау-Түркістан-Алматы-Астана» бағдарымен сапар шеккен «Туған елге саяхат» теміржол туристік пойызымен 200-ден астам балалар келді.

«Туған елге саяхат» жобасы «Самұрық-Қазына Trust» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асқан. Жоба мақсаты - сыртқы әлемге балалардың қызығушылығын арттыру, елдің тарихы мен сәулет ескерткіштерін зерттеп, патриотизмге тәрбиелеу.

Балалардың барлығы да шалғайда тұратын, сабақтарын үздік оқитын, көп балалы, толық емес отбасыларынан құралған.

Түркістанға сапар барысында балалар «Әзірет Сұлтан» қорық музейін аралап Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қандай екендігін өз көздерімен көріп, таңданыстарын жасыра алмады.

Санаткерлік саяхат «СамұрықҚазына Trust» корпоративтік қорының қол­дауы­мен жүзеге асқан. Бас­­ты мақсаты – сыртқы әлем­ге бала­лардың қызы­ғу­шы­лы­ғын арт­тыру, ел­дің та­ри­хы мен сәу­лет ескер­т­кіш­терін зерт­­теп, патриоти­змге тәр­бие­­леу. Бұлардың барлығы да шал­ғайда тұратын, сабақ­та­рын үздік оқитын, көп ба­ла­лы, толық емес от­­басы­ларынан шыққан өрен­дер. Түркістанға сапар ба­ры­сын­да олар «Әзірет Сұл­тан» қо­рық мұражайын ара­лап, Қо­жа Ахмет Ясауи ке­се­несінің ке­реметтерін өз көз­дері­мен кө­ріп, таң­да­ныс­та­рын жасыра алмады.

 

Дәулет ҚОЖАМҰРАТОВ, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қызметкері