logo

Шымкентте Азия кубогы аяқталды

Таңдаулы Шымкентте Азия кубогы аяқталды
  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 122 рет

Шымкентке «Shymkent Astc Triathlon» Азия кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Жапония, Австралия, Франция, Оңтүстік Корея, Сербия, Словения сынды елдерден 50-ден астам спортшы қатысқан сайыс жоғары деңгейде өтті. 

Спорттық сайыстың ашылу салтанатынада сөз сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жиналған спортсүйер қауымға Қазақстан триатлон федерациясының президенті К.Мәсімовтың құттықтауын жеткізіп, спортшыларға табыс тіледі.
Спортшылар екі сағатқа созылған сайыс барысында 1,5 шақырым суда жүзіп, 40 шақырып велосипедпен жүрді. Сонан соң 10 шақырым жолды жүгіріп өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында сербиялық Огнжен Стоянович 1-орынды, қазақстандық Аян Бейсенбаев 2-орынды ал австриялық Лукас Гсталтнер 3-орынды иеленді.
Әйелдер арасында румыниялық Манак Антонелла 1-орынды, оңтүстіккореялық спортшы Юн Джен Чан 2-орынды алса, халықаралық триатлон одағының спортшысы Арина Шульгина 3-орынға лайық деп танылды.
Есеріңізге салайық, Азия триатлон конфедерациясы ұйытқы болған спорттық сайысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», Қазақстан триатлон федерациясы және Шымкент қаласының әкімдігі мен «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» қолдау көрсетті.

Суреттің авторы Б.Сейтжаппар