logo

WBC Головкин жекпе-жегінің орны мен уақытын хабарлады

  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 211 рет

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) рингке оралатын уақытын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. GGG үшін бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегі болады.

Қарсылас кейін анықталады. Мұның алдында Головкин жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) пен WBO және WBA титулдарына ие Хассан Н'Дам Н'Жикамға (37-3, 21 КО) жұдырықтасу туралы ұсыныс жасаған еді.


tengrinews.kz