logo

Моңғол тележүргізушісі ең ұзақ жаңылтпашты мүдірмей оқып шығып, Желі жұлдызына айналды

Моңғолия ұлттық телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Д. Одзаяа тіл дамытуға арналған ұзақ жаңылтпашты оқып, Желі жұлдызына айналды.

Осылайша, бойжеткен өз кәсібінің нағыз маманы екенін дәлелдеп шықты. Видеоны Facebook  әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында бөліскен ару 10 жылдан бері орыс тілінде сөйлемегенін алға тартады.

Жүргізуші оқыған «Лигурия» деп аталатын жаңылтпаш ең ұзақ болып табылады.

Facebook әлеуметтік желісінде Одзаяа жариялаған видео қызу талқылану үстінде, оның қалдырған жазбасын мыңдаған адам бөліскен.

дереккөзі: reactor.inform.kz

Медиа