logo

Димашты салған Шымкенттік суретші портреттің егесін күтіп жүр...

  • Бөлім:  Шоу-бизнес
  • Оқылды 501 рет

Бұл - Шымкенттік әуесқой суретші Дәулетияр Балтабаев.

Бұған дейін портрет салып көрмеген. Әлем халқын талантымен тәнті еткен Димаш Құдайбергеновтың әнге деген сүйіспеншілігі қалам ұстаған жігіттің портрет салуына септігін тигізген. Енді, бұл суретті әншінің өзіне сыйға тартқысы келеді. Димаш Құдайбергеновтың Шымкент қаласына іссапарын күтуде.

Портреттің салынуының басты мақсаты да - осы. Димаштың өзіне тарту ету. Бұл туралы жас суретші "Таң нұры" таңғы сазды-ақпараттық бағдарламасында берген сұхбатында мәлімдеді. Бір суретті салуға небәрі 1-ақ күн жұмсаған Дәулетиярды тележүргізушілер хабар кезінде де сынап көрді. Жарты сағат ішінде тағы бір керемет туындыны жарыққа шығарды.