logo

Шымкентте балалардың бизнес-жәрмеңкесі өтті

Таңдаулы Шымкентте балалардың бизнес-жәрмеңкесі өтті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 38 рет

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Шымкент қаласындағы Арбатта балалардың бизнес-жәрмеңкесі өтті. «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» ұйытқы болуымен екінші рет ұйымдастырылған жәрмеңкеге 6-14 жас аралығындағы тоқсанға жуық жас кəсіпкер қатысты. 

Жоба жетекшісі әрі ұйымдастырушысы «Shymkent» ӘКК әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» басқарма төрағасы Рашид Аюпов жәрмеңкені аралап, жас өскіндер мен олардың ата-аналарын мерекемен құттықтады. Іс-шараға белсене қатысқан жас кәспкерлерге айрықша алғыс айтты.
– Алғашқы жәрмеңкеде қатысушылар саны жетпіс еді. Бүгін қатысушылар саны тоқсанға жетті. Біз алдағы уақытта балалардың жұмысын саралап, бірнеше бағытты дамытуға басымдық береміз, деді басқарма төрағасы.
Балалар жәрмеңкесі жайлы Рашид Аюпов әлеуметтік желідегі парақшасына:
– Меніңше, біз оларды дербестікке, тәртіп пен өзін-өзі дамытуға үйретуіміз керек. Әлем бір орында тұрмайды – ол жылдам дамуда, өзгеріске бейім. Сондықтан біз балаларға олардың дамуына практикалық пайда әкелетін білім беріп, дағдыларын дамытуымыз қажет, – деп жазды.
Естеріңізге салайық, жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаттың бір кабинетін жабдықтауға жұмсалатын болады.