logo

Шымкентте ҚХА мүшелері балаларға қуаныш сыйлады

Таңдаулы Шымкентте ҚХА мүшелері балаларға қуаныш сыйлады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 38 рет

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Шымент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Бірге күліп, шатанайық!» мерекелік іс-шарасы өтті.

Қаладағы этномәдени бірлестіктердің қолдауымен өткен думанды жиында жиналған 150-ден астам балаға қызықты музыкалық бағдарлама мен ойын-сауықтар көрсетіліп, барша бүлдіршіндерге сыйлық үлестірілді. Арнайы дастархан жайылып, балаларға балмұздақ пен тәтті сусындар таратылды.
Мерекелік іс-шарада Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов сөз сөйлеп, бүгінде мемлекеттік деңгейде бар жақсылықтың балаларға бағытталып отырғанын жеткізді.
– Кез келген ел келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Біз қолдан келгеннің бәрін сендер үшін жасаудамыз. Ал болашақта сендердің Қазақстанның игілігі үшін аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Жас буынға қамқорлық жасау дәл осы мереке қарсаңында ескерілетін шаруа емес, ол барлық уақытта қоғамның назарында болатын маңызды міндет. Осы орайда, балаларды қолдауға әрдайым қол ұшын созып жүрген қалалық ассамблея мүшелеріне алғысымды білдіремін, - деді М.Қалмұратов.
Мерекеге орай, Шымкент қалалық ҚХА-мен қалалық славян, әзербайжан этномәдени бірлестіктері №11 емханада тіркеуде тұрған мүмкіндігі шектеулі балалар мен №3 балалар үйіне арнайы барып, ондағы балаларға сыйлықтар үлестіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.