logo

Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Таңдаулы Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 40 рет

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Шымкент қаласындағы «Қасірет» мемориалында кеңестік солақай саясаттың салдарынан жазықсыз жапа шеккендерді еске алуға арналған жиын өтті

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздік арқылы еске алудан бастау алған іс-шараға Шымкент қаласының әкімі, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері және ассамблея мүшелері мен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, қала тұрғындары қатысты.
– Біз тарихтағы зобалаң жылдардың зардабын ұмытпауымыз керек. Өйткені, біз тарихтың ауыртпалықтарынан сабақ алып қана, алға қадам басамыз. Келешекте мұндай қасірет қазақ жерінде болмасын. Ал, бүгінгі ұрпақ бейбіт өмірдің қадірін білуі тиіс, – деген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, бұл датаның маңыздылығына тереңінен тоқталды.
Жиналған көпшілік назарына сахналық қойылымдар ұсынылды. Қала басшысы мен қала тұрғындары мемориалды кешендегі монумент алдына гүл шоқтарын қойып, алдыңғы буынға құрмет көрсетті.