logo

Шымкент: әкімдікте алимент жайы қаралды

Таңдаулы Шымкент: әкімдікте алимент жайы қаралды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 41 рет

Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «Проблемалық алименттерді өндіріп алу» тақырыбында арнайы жиын өтті.

Мәжіліске қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қала аумағындағы құқық қорғау органдарының жетекшілері мен жауапты қызметкерлері және сот орындаушылар қатысып, күн тәртібі бойынша пікір алмасты.
Мәжілісте Шымкент қалалық әділет департаментінің басшысы Орынбасар Тастанов сөз сөйледі. Департамент басшысының айтуынша, бүгінде шымкенттік сот орындаушылардың өндірісінде жалпы 7926 өндіру туралы іс бар. Бүгінде 2924 борышкері алиментті өз еркімен төлеуде. Ал, 3822 бала заң бойынша тиесілі қаражатты әлі ала алмай келеді, – деді.
Жиынды қорытындылаған қала басшысы Ғ.Әбдірахымов бұл саладағы проблемаларға тоқталды.
– Біз жұмыстарды бірлесе істеуіміз қажет. Осы бағытта Әділет министрлігі, республикалық палата және қалалық әкімдік арасында арнайы меморандумға қол қойдық. Тағы қосымша іс-шаралар жоспары бар. Ал өңірлік деңгейде әділет департаменті мен жеке сот орындаушылар бірлесе жұмыс тобын құруы тиіс. Соның нәтижесінде біз мәселелерді жылдам шеше аламыз, – деді қала әкімі.