logo

Шымкентте жастар экологиялық акция өткізді

Таңдаулы Шымкентте жастар экологиялық акция өткізді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 38 рет

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы Шымкент қалалық штабының белсенділері 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қасірет» мемориалы аумағында «Тағзым» тарихи-экологиялық акциясын өткізді.

Белсенді жастар мемориалды кешендегі аяқ жолдарды сыпырып, арық-атыздарды тазалады. Акция барысында «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы Шымкент қалалық штабының жетекшісі Нұркен Әбдірайым қатысушыларға ХХ ғасырда қазақ жерінде орын алған қасіретті оқиғалар туралы баяндап, кешен орналасқан аумақтың бұрын «Қайтпас» елді мекені деп аталуының себеп-салдарын түсіндірді.
Тазалық жұмыстарын жүргізген жастар алдыңғы буынның солақай саясат салдарынан жапа шеккенін жақыннан танып, бүгінгі бейбітшілік заманның құнын тереңінен ұғынды.
Естеріңізге салайық, кеңестік үкіметт жүргізген солақай саясат салдарынан 1929-1933 жылдары қазақ жерінде жаппай ашаршылық жайлап миллиондаған адам аштықтан көз жұмды. Ал репрессия жылдары ойдан шығарылған саяси сылтаулармен 100 мыңнан астам адам сотталып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. Қазақстанда 11 жазалау лагері құрылып, онда сотталғандар мен олардың отбасылары адам төзгісіз қиын жағдайда күн кешті.