logo

Шымкенттік жастар жұмысқа қабылданбақ

Таңдаулы Шымкенттік жастар жұмысқа қабылданбақ
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 36 рет

Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» 2019 жылғы 30 мамыр күні сағат 09.00-де «Professional» жобасы бойынша жастарды жұмысқа қабылдауды бастайды. Бұл туралы Шымкент қаласының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Аталған жобаға 2016-2018 жылдар аралығында жоғары оқу орындарын аяқтаған әрі бүгінде жұмыссыз жүрген, жасы 29-ға дейінгі түлектер қамтылмақ.
«Professional» жобасы бойынша мынандай мамандар: қаржыгер, экономист, есеп және аудит, менеджер, филолог атап айтқанда, орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, қытай тілі, іс жүргізуші, аспаз, сантехник, тауартанушы, химик, слесарь, газ және электр қондырғысы, freon тоңазытқыш қондырғысының инженері, КИПиА, жүргізуші, бағдарламашы, мектепке дейінгі білім (тәрбиеші), инженер-техник, электрондық инженер, дизайнер (суретші, дизайнер), дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, дефектолог, сөйлеу терапевті, психолог, еңбек пәнінің мұғалімі, дәрігер, балалар невропатологы, физиотерапия дәрігері, реабилитолог дәрігері сынды қолында құжаты бар жастар жұмысқа шақырылған.