logo

Шымкент: 7 мыңнан астам оқушы лагерьлерде демалмақ

Таңдаулы Шымкент: 7 мыңнан астам оқушы лагерьлерде демалмақ
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 58 рет

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаеваның айтуынша биыл шымкенттік 7241 оқушы жазғы лагерьлерде демалады. Оқушылардың жазғы демалысын ұтымды ұйымдастыру үшін бюджеттен 220 миллион теңгеден астам қаржы қаралған. 

Қалалық білім басқармасы бүгінге дейін қала сыртындағы және Түркістан облысы аумағындағы таулы аймақтарда орын тепкен «Үшбұлақ», «Ақсу», «Арман», «Машат» лагерьлерімен арнайы келісімшарт түзген.
Сала мамандарының хабарлауынша сауықтыру лагерьлеріне тегін жолдамалар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жас өскіндерге берілмек.
Басқарма басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қалыбайқызы лагерьге жолдама беру немесе құжат рәсімдеуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жаңа жүйе қолданысқа енгізілгенін айрықша айтты.
Енді жаңа жүйе бойынша ата-аналар қажетті құжаттар атап айтқанда, арнайы үлгі бойынша толтырылған өтініш, медициналық анықтама және жеке куәлік пен баланың тууы туралы куәлігінің, мәртебесін дәлелдейтін құжат көшірмесімен бірге қала аумағындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізеді.