logo

Қасиетті Рамазан айы баршаңызға құтты болсын!

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 229 рет

Ұлы жаратушымыздың пенделеріне тартқан сыйы, мумин мұсылмандардың көптен күткен қасиетті -Рамазан айы да келіп жетті.
Бүгін қасиетті ораза айының бірінші күні.
Жамандық атаулы кісенделіп, жақсылық қанатын кеңге жаятын, сауабы мол қсиетті ай.
Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде " Кім Рамазан оразасын иман және сауап үмітмен ұстаса, оның күнәлары кешіріледі", -дейді.
Аллаға шүкір бүгінде намаз оқып, ораза ұстайтын жандардың жылдан-жылға көбейіп келе жатқаны, олардың имандылыққа бет бұрғанының нышаны.
Ораза-намаз тоқтықта - деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Еліміздің басынан не бір зұлматтар өтпеді дейсіз. Көрмеген қиындығы қалмаған еліміз ашаршылықты да бастан өткерді.
Сол кісілердің жігерлілігі, қайсарлығы, арман-тілегінің арқасында Тәуелсіздікке қолымыз жетіп, дамыған елдердің қатарынан көріндік.
Рамазан айында ауыз бекітіп, оған төзген жанның сауабы мол болады.
Ендеше мұсылман қауым. Қасиетті Рамазан айы баршаңызға құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тұтқан Оразаларыңыз қабыл болсын!