logo

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 39 рет

Синоптиктер 2019 жылдың 16-18 сәуірі аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Алдағы күндерде жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман, көктайғақ және түнгі ауа температурасы республиканың көптеген облыстарында минус 2...минус 10°С дейін күтіледі. Сондай-ақ оңтүстік облыстарда да құбылмалы ауа райы болады", - делінген хабарламада. Синоптиктердің болжамы бойынша, Орталық Азия аймағынан жылжитын циклон мен Қазақстанның солтүстік аймағынан келе жатқан суық арктикалық фронт өзімен бірге жаңбыр, кей жерлерде найзағай түседі. Ауа температурасы мұндай процестерде орташа көпжылдық мәннен 2…6°С-қа төмендейді.

tengrinews.kz