logo

Министр мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 107 рет

1 маусымда білім саласындағы мамандардың жалақысы өседі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" бастамасын іске асыру аясында білім беру жүйесін дамыту туралы баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Nur Otan партиясының XVIII съезінде Елбасы білім саласына да бірқатар тапсырма берген. Олардың ішінде ең негізгісі - білім саласындағы өзгерістер мен реформаларды белгілі бір жүйелі нәтижеге келтіру мәселесі. "Әрине көбін қызықтыратын дүние - білім саласында қызмет ететін мамандардың жалақысын өсіру мәселесі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тариф коэффициентін бекітті.

Осыған байланысты, бізде есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын көбейтуге байланысты бөлінген қаржыны 75 пайызы білім саласының мамандарына беріледі. 1 маусымнан бастап, жалақы көтерілетін болады", - деді Күләш Ноғатайқызы.

Министрдің айтуынша, жалақыны көбейту үш саты арқылы бөлінеді екен. "Бірінші кезекте еңбек өтілін енді ғана бастаған мамандар жас мұғалімдер, колледж мұғалімдері, психологтар, балабақшалардың жетекшілері, тәрбиешілері және көмекшілері қосымша білім беру жүйесінде істейтін педагогтардың жалақысы көбейеді. Екінші мәселе, қосымша персонал яғни бұлар кімдер: еден сыпырушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантехник пен электриктердің жалақысы көбейеді. Үшінші басқарушы персоналға жатады. Бұлар мектеп директорлары, олардың орынбасарлары және балабақша басшылары", - деді министр. Сонымен қатар, білім және ғылым министрі алдағы үш жылда 190 мектеп салынатынын мәлімдеді.


tengrinews.kz