logo

Жылдың үздік фотосуреттері жарияланды

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 177 рет

Фотожурналистер арасында өтетін World Press Photo халықаралық байқауының жеңімпаздары белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі жүлденің сайтына сілтеме жасап.

Байқаудың басты жүлдесін америкалық фотограф Джон Мур еншіледі. Ол АҚШ шекарашылары кішкентай қызының көзінше гондурастық әйелді тінтіп жатқан кезін суретке түсіріп алған. Әйел өзінің қызымен бірге "мигранттар керуені" құрамымен елге кірмек болған.

6908d22a348eae243e5b0ec43bed4b62

Ресейлік Диана Маркосянның "Кубанита" атты жұмысы "Заманауи мәселелер" категориясында жеңіске жетті. Фотосуретте Пура есімде 15 жастағы қыз бейнеленген. Суретте ол қызғылт көйлек киіп, Гавана аудандарының бірінде автокөлік үстінде кетіп бара жатыр, ал қала тұрғындары оның туған күніне дайындық үстінде. Латын мәдениеті бойынша қыз 15 жасқа толған кезде әйелге айналады.


tengrinews.kz