logo

ТҮРКІСТАНДА «ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРАЗДЫҢ ҚҰЙМА КЕРАМИКАСЫ» АТТЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ.

Таңдаулы ТҮРКІСТАНДА «ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРАЗДЫҢ ҚҰЙМА КЕРАМИКАСЫ» АТТЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ.
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 234 рет

Бүгін Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ортағасырлық Тараздың құйма керамикасы» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. 

Көрменің мақсаты - өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және мұражайлар ісін дәріптеу, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау. Аталған шараға Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимов, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары С.Үркімбаев, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Г.Ембердиева, бұқаралық ақпарат құралдары меғ қала қонақтары және музей қызметкерлері қатысты.
Көрме барысында Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимов Жамбыл облысынан келген қонақтарға ыстық ықыласын білдіріп, қала әкімінің атынан алғыс хат табыстады. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры орынбасары С.Үркімбаев көрменің маңыздылығына тоқтала келе, музейлер арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуына тілектестігін білдіріп, қонақтарға алғыс хат, кәдесыйлар мен музейдің баспа өнімдерін сыйға тартты. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Г.Ембердиева Жамбыл облысының тарихи тұлғалары, рухани мұраға толы өлке екендігін айта келе «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ұжымына өз алғысын жеткізді.
Көрмеге Тараз қаласының және аудандарындағы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған 70-ге жуық жәдігерлер қойылды. Олардың ішінде ортағасырлық тұрмыста түрлі мақсатта қолданылған күйдірілген, күйдірілмеген, жалатпалы қыш ыдыстар, үлкенді-кішілі шырағдандар, хош иісті әтірлер мен дәрілік заттар, сынаптарды сақтайтын жұмыр тастар мен майшамдар, түрлі ою-өрнек түсірілген тәрелкелер, жинақ сандықшасы, сыйымдылығы әр түрлі астық, сұйықтық сақтайтын хумдар, саптыаяқтар және қоладан жасалған бұйымдар қызықты және қайталанбас Тараз бишісінің және Будда құдайының мүсіндері, ортағасырдың сәулет ескерткішінің інжу маржаны болған Айша-Биби кесенесінің кірпіштері халық назарына ұсынылады.
Айта кетерлігі, аталған көрме Түркістан қаласында бір айға жалғасады.
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі.