logo

Ешкім ұмытылмайды Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 448 рет

Соғыс күйретуші күш. Дәл солай! Қазақ елі басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Біз Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Міне сол қанды қырғынның жеңіспен аяқталғанына 73 жыл. Бұл - соғыста басқыншы жауға қарсы соғысқан ерлеріміздің арқасы.


Ұлы Отан соғысынан аман оралған майдангерлердің қарасы жыл сайын азайып бара жатыр. Бүгінде ауданда Ұлы Отан соғысына қатысқан 10 ардагердің көзі тірі. Олардың ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі.
Сайрам ауданы "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Сайрам аудандық мәслихаттың депутаттары Ә. Исақов, М. Есалиев, Б. Егембердиев, Ақсукент ауылдық округінің әкімшілігі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері, аудандық қоғамдық келісім мемлекеттік қомуналдық мекемесі қарт жауынгерлердің үйлеріне арнайы барып мерекемен құттықтап қайтты. Ардагерлерге ыстық ықыласы мен лебізін жеткізген олар сый-сияпат үлестірсе, мектеп оқушылары ән айтып, би билеп ардагерлердің көңілін көтерді.


С. Абылбек