logo

ОҚО-да "Үкілі үміт" мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер байқауы және қылқалам, қолөнер шеберлері көрмесі өтті.

Таңдаулы ОҚО-да "Үкілі үміт" мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер байқауы және қылқалам, қолөнер шеберлері көрмесі өтті.
  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды 413 рет

Оңтүстік Қазақстан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Астананың 20 жылдығы мен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалардың "Үкілі үміт" облыстық өнер байқауы және қылқалам, қолөнер шеберлерінің көрмесі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өтті. 

Байқаудың мақсаты – дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, олардың шығармашылықтарын шыңдау, өмірге деген құштарлығын, рухани деңгейін арттырып, отансүйгіштікке, ұлттық рухта тәрбиелеу, оларға бағыт-бағдар беріп, өмірге деген құштарлығын арттыру, қолдау көрсету болып табылады.
Байқауға 6-15 жас аралығындағы 70 үміткер қатысып, арнайы шарттар мен талаптарға сәйкес әнші, биші және музыкалық аспапта орындаушылар өз қалаулары бойынша 1 шығармадан орындады. Ал, 14 қылқалам және қолөнер шеберлері өз туындыларынан көрме ұйымдастырды.
Өнер додасында Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мүмкіндігі шектеулі балалар бөлімшесінің меңгерушісі Құралова Айгүл Кадырқызы, «Медион КZ» республикалық ақпараттық қоғамдық сараптамалық құқықтық сайт құрылтайшы-бас редакторы, журналист Абдалиева Малика Махамбеткаримқызы, Облыстық бейнелеу өнері музейінің бөлім меңгерушісі Бертаев Бейбіт Нарынбекұлы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншісі, республикалық, облыстық ән байқаулардың жеңімпазы Аман Төре, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның ақпараттық жарнама бөлімінің меңгерушісі, Халықаралық, Республикалық би байқаулардың лауреаты Таукеев Қуат Анатолиұлы, Сүгір атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің домбырашысы, Республикалық, облыстық күйшілер байқауларының лауреаты Қалиев Қайырбек Қалиұлы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының музыка өңдеушісі Тұрлыбеков Мұхтар Қамарұлы қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды.

Қылқалам шеберлері үшін:

Бас жүлде Әбіл Қуандық (Төлеби ауданы) 150 000 теңге
І орын Қалдыбаев Асылхан (Шымкент қаласы) 100 000 теңге
ІІ орын Кудратов Ғуламжон (Шымкент қаласы) 70 000 теңге
ІІ орын Жүсүп Талшын (Шымкент қаласы) 70 000 теңге
ІІІ орын Абсаметов Дінмұхамбет (Сарыағаш ауданы) 50 000 теңге
ІІІ орын Елебай Аяла (Шымкент қаласы) 50 000 теңге
ІІІ орын Қырықбай Жанел (Түлкібас ауданы) 50 000 теңге

Қолөнер шеберлері үшін:

Бас жүлде Рысбаева Айдана (Шымкент қаласы) 150 000 теңге
І орын Бөрібай Бағлан (Арыс қаласы)100 000 теңге
ІІ орын Ерланқызы Сабина (Мақтарал ауданы)70 000 теңге
ІІ орын Жаманқұлова Аружан (Қазығұрт ауданы)70 000 теңге
ІІІ орын Анарбаева Гулина (Төлеби ауданы) 50 000 теңге
ІІІ орын Шыныбаева Шахризада (Шымкент қаласы)50 000 теңге
ІІІ орын Манапбаева Ақбота (Сарыағаш ауданы) 50 000 теңге

Арнайы жүлделер:

1. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесі
Каримов Әділет (Төлеби ауданы) 30 000 мың
2. «Рухани жаңғыру»
Алекперова Севиля (Шымкент қаласы) 30 000 теңге
3. «Ауыл айнасы»
Абдраманова Аида (Түркістан қаласы) 30 000 теңге
4. «Елге аманат»
Отарова Әдемі (Созақ ауданы) 30 000 теңге
5. «Жас дарын»
Танирберді Мухаметәлі (Төлеби ауданы) 30 000 мың
6. «Балдәурен»
Мирбек Данияр (Шымкент қаласы) 30 000 теңге
7. «Дала дүбірі»
Асылбек Дана (Шымкент қаласы) 30 000 теңге
8. «Жауқазын»
Палмаханов Арсен (Шымкент қаласы) 30 000 теңге

Аспапта орындаушылар үшін:

І орын «Жасын» ансамблі (Шымкент қаласы) 80 000 теңге
ІІ орын Есқараева Ажар (Бәйдібек ауданы) 60 000 теңге
ІІІ орын Дәужігіт Мейірбек, Шүкір Аяжан (Шымкент қаласы) 40 000 теңге
ІІІ орын «Еркеназ» аспаптық ансамблі (Түркістан қаласы) 40 000 теңге

Бишілер үшін:

Бас жүлде «Балдәурен» би тобы (Түркістан қаласы) 200 000 теңге
І орын Әділбек Майра (Сарыағаш ауданы)150 000 теңге
ІІ орын Бахитжан Айша (Мақтарал ауданы)100 000 теңге
ІІ орын «Жұлдыз» би тобы (Түркістан қаласы)100 000 теңге
ІІІ орын «Ақжүрек» би тобы (Төлеби ауданы) 70 000 теңге
ІІІ орын «Жауқазын» би тобы (Шымкент қаласы)70 000 теңге
ІІІ орын Дүйсенов Нурали (Сайрам ауданы) 70 000 теңге

Арнайы жүлделер:

1. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесі
Сәкен Аман, Пірімқұл Мөлдір (Шымкент қаласы) 50 000 мың
2. «Рухани жаңғыру»
«Арай» би тобы (Төлеби ауданы) 50 000 мың
3. Шара Жиенқұлова атындағы арнайы жүлде
Мырзагелді Қарақат (Арыс қаласы) 50 000 мың


Әншілер үшін:

Бас жүлде Лалиев Абдулализ (Шымкент қаласы) 150 000 теңге
І орын Турсыбаев Бейбіт (Сайрам ауданы)100 000 теңге
ІІ орын Хегай Ирина (Сарыағаш ауданы) 70 000 теңге
ІІ орын Жорабай Думан (Мақтаарал ауданы) 70 000 теңге
ІІІ орын Далхадыр Қарақат (Түркістан қаласы) 50 000 теңге
ІІІ орын Өмірбек Айдана (Қазығұрт ауданы) 50 000 теңге
ІІІ орын Болатқызы Алтынай (Бәйдібек ауданы) 50 000 теңге

Арнайы жүлделер:

1. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесі
Мыңбай Лаура, Тасполат Азамат (Төлеби ауданы) 30 000 мың
2. «Рухани жаңғыру»
Оразбек Ақерке (Шымкент қаласы) 30 000 мың
3. «Жас дарын»
Бақытжан Ардақ (Мақтарал ауданы) 30 000 мың
4. «Бәйшешек»
Мамытов Тоқтар (Шымкент қаласы) 30 000 мың
5. «Әрқашан күн сөнбесін»
Тойкен Сара (Ордабасы ауданы) 30 000 мың
6. «Балдәурен»
Жорабай Дүйсенкүл (Мақтарал ауданы) 30 000 мың
7. «Жұлдыз»
Әлімқұл Жанерке (Отырар ауданы) 30 000 мың


ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі.