logo

153 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр

Абай ауданы тұғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 учаскелік полиция пункті, 90 учаскелік полиция инспекторы, 8 учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызмет етеді.

Аудан аумағында жаңа шағынаудандар салынып, халық саны жыл сайын артып келеді. Десе де, «Солтүстік-Батыс», «Ақ-ниет», «Шұғыла», «Самал-1,2,3» шағынаудандарында салынған жаңа құрылыстар толық бітпей қараусыз қалып, құрылыс иелері бірнеше күн болмай қалады. Соның салдарынан, пәтер ұрлығы тіркелуде. Сондай-ақ, елдімекендердегі көшелер толық жарықтанбаған. Қылмысты алдын алу және азайту мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағындағы 453 көпқабатты тұрғын үйге қарасты 258 аулаға түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілген. Аудан бойынша жарықтандырылған аулалар саны-244. Биыл «Жаңаталап», «Қызылжар» тұрғын алаптарының аумағындағы 14 ауланы жарықтандыруға ұсыныс берілді.

– Қаламызда қылмыстартың орын алуы өкінішті әрине. Еңбекке қабілеті бола тұра осындай заңсыз жолмен пайда табатындар бар. Бұның барлығы отбасындағы тәрбие мен шаққан ортасына байланысты. Көбісі білместікпен істейді. Осыған орай, «Қауіпсіз қала» акциясы аясында түрлі ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп, тиісті шараларды жасап жатырмыз, – дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешұлы.

Ал қалта ұрлығы бойынша жасалған қылмыстардың басым бөлігі қоғамдық орындарда атап айтсақ, қоғамдық автобус пен базарда жасалуда. Басты мәселе – базарлардың басым бөлігі Абай ауданында орналасуы және қала аралық ірі автобекеттердің болуынан туындап отыр.

Жүргізілген сараптамаға сәйкес, қылмыстардың жиі орын алатын Республика, Абай даңғылдары, Темірлан тас жолы, Ю.Гагарин және Б.Момышұлы көшелері болып белгіленді. Осыған орай, Абай ауданы аумағында 5 стационарлық бекет орнатылды.

1499056466

Тұрғындарды алаяқтардан сақтандырып, пәтер, көлік, қалта ұрлығының алдын алу үшін көпқабатты тұрғын үйлерді домофондармен, бейнекамералармен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы аудан әкімдігі қызметкерлерімен бірлесе аудан аумағында елдімекендер және көпқабатты үй тұрғындары мен қоғамдық көліктерде «Шымкент-қауіпсіз қала» атты жол картасы аясында «Назар аударыңыз, қалта ұрлығы!», «Сақ болыңыздар – пәтер ұрлығы!», «Автокөлік ұрлығы», «Алаяқтық» акциясы жүргізілді.

2017 жылға арналған мекенжай бағдарламасы бойынша 62 жаңа үлгідегі бейнебақылау камерасын орнатуға ұсыныс беріліп, жергілікті атқарушы органдармен қолдау көрсетілді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Абай ауданы аумағында 153 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-ң 434, 440, 441 баптары бойынша құқықбұзушылықтар анықталып, Абай ПБ-не жеткізіліп заң бұзған азаматтарға тиісті шаралар көрілуде.

Ақпарат көзі: shymkala.kz