logo

Шымкентте араққа сылқия тойып алған жүргізуші 10 жастағы қызды қағып өлтірді

Шымкентте араққа сылқия тойып алған жүргізуші 10 жастағы қызды қағып өлтірді © сod68.ru

Шымкентте араққа сылқия тойып алған жүргізуші 10 жастағы қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыз алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған.  Оқиға 30 тамызда Шымкенттегі Еңбекші ауданындағы көшелердің бірінде болған. 

"Полицейлер 1966 жылғы шымкенттіктің "Ваз-21102" көлігін жүргізіп келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалғанын және бесінші сынып оқитын 2007 жылғы қызды қағып кеткенін анықтады. Жол апаты салдарынан 10 жастағы қыз облыстық ауруханаға жеткізілгенде жан тапсырды", - делінген хабарламада. 

Медициналық куәландырудан "ВАЗ" жүргізушісінің орта деңгейде алкогольден мас болғаны анықталған.  Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөзі: tengrinews.kz