logo

Шымкенттегі базарда шыққан өрттің видеосы пайда болды

Шымкент қаласының ескі бөлігінде орналасқан базарда шыққан өрттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  Көше бойында орналасқан бейнебақылау камералары жас жігіттердің темекі шегіп тұрғанын түсірген. Бір мезетте солардың бірі темекі тұқылын лақтырып жібереді және дәл сол жерде бірнеше минуттан соң өрт басталған. ОҚО ТЖК мәліметінше, Шымкенттің ескі бөлігінде орналасқан жер мен уақыты сол видеодағы кадрмен сәйкес келеді. 

Видеоны зардап шеккендердің бірі берген, оның айтуынша, осы өрт шамамен төрт кәсіпкерге 50 миллион теңгеге жуық залал келтірген. Олар келтірілген залалға өтемақы сұрайды. Алайда ресми түрде шығын мөлшері айтылған жоқ. Өрттің неден шыққаны бойынша тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ. 

Еске салайық, 24 тамызда 13:57-де өрт туралы хабар ТЖД бөліміне түскен. Өрт сөндірушілер алапат өртті бір сағаттан аса уақыт сөндірген. Өрт сөндіруге жеке құрамның 80 адамы мен 16 арнайы техника жұмылдырылды. 

Дереккөзі: kaz.tengrinews.kz

Медиа