logo

Автотұрақтағы орын үшін ұрып жықты (видео)

Алматыда ер адамды автотұрақтағы орын үшін ұрып-соққан жігіт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды motor.kz.

Оқиға Алматыдағы базарлардың бірінде болған. Ер адам автотұрақтағы орынды алғысы келген. Бұл кезде қарсы жолақтан Hyundai келіп қалған. Видео кадрларында көліктің ер адамды қаға-маға жүргенін көруге болады. Салдарынан қолына бинт оралған ер адам көліктің капотында жатады.

Видеодан оның жүргізушіні тоқтатқысы келіп, алдыңғы терезесінен ұрғаны көрінеді. Жүргізуші бұған ашуланып, көлігінен атып шығады да, қарсы шабуылдайды. 

дереккөзі: tengrinews.kz

Медиа