logo

Шымкент әкімдігінің «WhatsАpp» желісіне тұрғындардан 7959 хабарлама түскен

  • Бөлім:  Hi-Tech
  • Оқылды 289 рет

Шымкент әкімдігінің «WhatsАpp» желісіне тұрғындардан 7959 хабарлама түскен.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Миллионға жуық тұрғыны бар шаһардағы әкімдіктің  «WhatsАpp» желісіне келіп, түскен  7959 хабарламаның 6641-і оңтайлы шешімін тапса, 958 өтініш иесі жеке өтініштерінің  жауабын күтуде. 

Қала тұрғындары мен қонақтарының басым бөлігі облыс орталығының санитарлық жағдайы мен абаттандыру, көгалдандыру мәселелеріне алаңдаушылық білдіреді. Бұл мәселелер бойынша 2207 өтініш түскен. Ал 1305-і көше жолдарын жөндеу және шағалтас төсеу, 1014-і коммуналдық-тұрмыстық тауарлар,  709-ы кәріз жүйелері және ашық люктер, 743-і жолаушылар көлігі, 218-і көпқабатты тұрғын үй ғимараттарын жылуға және өзге де қызмет түрлеріне қосу мәселелері бойынша  қабылданған.

Қала әкімдігінің «WhatsApp» телефон қызметінің нөмірі: 8-777-885-85-13. Әрбір тұрғын осы нөмірге өзін толғандырып жүрген мәселелер бойынша өтінішін жолдап, тиісті мерзімде жауап ала алады.

Осылайша, қала билігі тұрғындар арасында кең тараған «WhatsАpp» желісі арқылы тұрғындарға барынша жақындауға ниетті.