logo

Оңтүстікте «Хакатон» хакерлік марафонының жеңімпаздары анықталды

  • Бөлім:  Hi-Tech
  • Оқылды 402 рет

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған «Хакатон» хакерлік марафонының жеңімпаздары анықталды.

Конкурс қорытындысы бойынша Шымкенттік өнертапқыш Қуаныш Рысқұловтың латын қаріпіне көшу кезінде кездесетін қиындықты жеңетін бағдарламасы үздік деп танылды.

Жеңімпаздарды арнайы қабылдаған облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмасейіт хакерлік марафонға қатысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, үздіктерді марапаттады.

Конкурс ережесі облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен осыдан бір ай бұрын жарияланған болатын. Түрлі деңгейдегі 50-ден астам үміткер қатысқан байқауда 8 ІТ маманның жобасы үздік деп бағаланды.

Марафон жеңімпазы Қуаныш Рысқұловтың ақпараттық технологиялар саласында 8 жылдан еңбек өтілі бар. Ол бұған дейін бірнеше компьютерлік бағдарламалар әзірлеп, Алматы, Астана қалаларындағы өткен республикалық сайыстарда топ жарған.

Алдағы уақытта крилицианы латын қаріпіне лезде ауыстыратын бағдарламаға қаржы бөліп, оны кең көлемде қолданысқа енгізу  жоспарлануда. Басқарма басшысының айтуынша мұндай жоба  алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырлып, жалғасын табады.